2019 / 2020                   Камералық зал             VII маусым

17 қазан * бейсенбі * 19.00

 

«Жастар – ел тірегі!»

топтамасы

Концерт

Next generation

Халықаралық байқаулардың лауреаты,

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекетік академиялық филармониясы Камералық хорының XVII концерт маусымының АШЫЛУЫ

 

2019 жылғы 17 қазан театрдың Камералық залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекетік академиялық филармониясының Камералық хоры «Жастар – ел тірегі» топтамасынан Next generation бағдарламасымен өнер көрсетеді.

15 жыл бұрын негізі қаланған хор ұжымы бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың марапаттарын иеленген, олардың қатарында «World Choir Games» қос алтын медалі (Латвия, 2014), «Шабыт-2014» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдесі (Астана), «Жұбанов көктемі-2012» халықаралық байқауының бас жүлдесі (Ақтөбе), «Хайнувка» ХХХ халықаралық рухани музыка фестивалінің бас жүлдесі (Польша, Белосток, 2011), Бейжіңде өткен Бүкіләлемдік хор форумының екі алтын кубогы (Қытай, 2011), «Астана – ән қанатында» бас жүлдесі (Астана, 2008) және т.б. бар.

Хор ұжымының ауқымды репертуары ұлттық және әлемдік классика туындыларынан құралған. Хормейстер – Ержан Сансызбаев.

 

Көркемдік жетекшісі әрі дирижері – ҚР Мәдениет қайраткері Гүлмира Құттыбадамова

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут