«PICCOLO» ТЕАТРЫ
ПРЕМЬЕРА
Антонио Вивальди
«ҚАҺАРЛЫ ОРЛАНДО»
Екі актілі опера
Людовико Ариостоның «Қаһарлы Орландо» поэмасы бойынша
Грацио Браччьолидің либреттосы
Алғашқы орындалуы: Сан-Анжело театры (Венеция), 1727 жыл
«Астана Операдағы» премьерасы – 2024 жылғы 4–5 қазан
Итальян тілінде орындалады
(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен қамтылған)
Ұзақтығы – 2 сағат (бір үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Антонио Вивальди – композитор, скрипкашы-инструменталист, педагог – ХVIII ғасырдың бірінші жартысындағы ең көрнекті музыканттардың бірі. Оның 94 операсының ішінде «Қаһарлы Орландо» (түпнұсқа атауы «Қаһарлы Роланд») барокко мен классицизмнің, патетика мен қаһармандықтың, комедия мен сиқырдың алуан түрлі үйлесімімен ерекшеленеді.
XVIII ғасырдың 20-шы жылдарындағы музыка сәні жарқын бояуларды, би ырғақтарын, көңілді үндестілікті, оркестрдегі өзгеше әуез бен музыкалық думанды талап етті. «Қаһарлы Орландоның» музыкасы осы стильді ұстанған.
Альцина мен Орландо – сиқырланған махаббат патшалығының басты кейіпкерлері. Мұң қажытып, қос жүрекке ортақ махаббатты аңсаған Альцина Руджероны дуалап алады да, Астольфоның азап шеккеніне қарамастан, еркекше киініп алған Брадамантеге жауап беруге дайын. Тылсым арал албырт Роландты есінен адастырады. Екі кейіпкер де жұптардың (Анжелика мен Медоро, Брадаманте мен Руджеро) шырқын бұзады, бірақ сәтсіздікке ұшырайды: Альцина сиқыршы қасиетінен айырылады, ал Роланд махаббаттан айығады. Татулық пен табиғилық үйлесім табады.
Көзі тірісінде Антонио Вивальди өте танымал музыкант болды. Алайда барлық жетістіктері, марапат белгілері мен көпшіліктің құрметіне қарамастан, оның танымалдылығы қайтыс болар алдында және одан кейін тез бәсеңдей бастады. Композитор әрі скрипкашы екі ғасырға жуық уақыт ұмыт қалды. Бірақ ХХ ғасырда әйгілі италиялықтың өнеріне деген қызығушылық оның шығармашылық кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай арта түсті.
«Қаһарлы Орландо» операсының заманауи тыныс-тіршілігі 1977 жылы Клаудио Шимоненің жетекшілігімен басты рөлдегі меццо-сопрано Мэрилин Хорнмен жасалған жазбадан басталды. Бүгінде ол барша әлемде орындалуда. Ал ариялары концерттік нөмірлер ретінде кең танымал.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Альцина – Татьяна ВИЦИНСКАЯ / Салтанат МҰРАТБЕКОВА
Орландо – Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты /
Сұлтан БАҚЫТЖАН
Анжелика – Әсем СЕМБИНА / Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері
Медоро – Артур ГАБДИЕВ / Әлихан ЗЕЙНОЛЛА
Брадаманте – Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Лейла АЛАМАНОВА
Руджеро – Нарұл ТОЙКЕНОВ / Батыржан СМАҚОВ
Астольфо – Алтынбек ӘБІЛДА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты /
Ермек ҚАСЫМ
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ
Қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жаңа музыкалық-драмалық тұжырымдама авторы және қоюшы режиссер – Алла Симонишвили
Костюмдер мен декорациялар бойынша суретші – Манана Гуниа
Жарық бойынша суретші – Сергей Кулак
Қоюшы дирижердің ассистенті – Руслан Баймурзин
Қоюшы режиссердің ассистенті – Евгений Чайников
Декорациялар бойынша суретшінің ассистенті – Гүлмира Исемғазиева
Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Дариға Тайшықова
Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова, Мәнсия Естекова
Көркемдік-өндірістік бөлім жетекшісі – Виктор Караре
Опера труппасының директоры – Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.