rebranding

Словения Ұлттық балеті (Любляна қ.)

Словения Ұлттық балеті (Любляна қ.)

Театрдың кәсіби балет труппасы 1918 жылы құрылған. Словения Ұлттық опера және балет театрының репертуарында классикалық және заманауи спектакльдер баршылық. Әр театр маусымында труппа өз елі мен шет елдерде 150-ден астам қойылым көрсетеді.

Театр екі спектакль көрсетпекші:

ПАСТОРАЛЬ СИМФОНИЯСЫ

Хорват хореографы Милко Шпаремблектің Бетховеннің осы аттас шығармасына қойылған спектакль, Словения Ұлттық опера және балет театрында 1986 жылы сахналанды. Труппаның 100 жылдық мерейтойына орай, 2018 жылы спектакль жаңартылды. Милко Шпаремблек биші, балетмейстер әрі режиссер ретінде балет өнерінің әйгілі қайраткерлерінің қатарына жатады. Оның спектакльдері талай жыл Лиссабон балетінің (Португалия), Лион операсының (Франция), Загребтегі Хорватия Ұлттық балетінің сахнасында қойылып келді.

БЕС ТАНГО

Нидерландтық хореограф Ханс Ван Манен бас-аяғы 160 шақты балет қойып, әлдеқашан әлем мойындаған шеберге айналды. Ол Астор Пьяцолланың ғажайып музыкасына «Бес танго» атты бір актілі балет қойған. Сезім атаулының ұстамдылығы тән өзге қойылымдарға қарағанда, «Бес танго» балетінде, керісінше, іңкәр сезім басым.

Спектакльдің музыкалық діңгегін ескерсек, басқаша болуы да мүмкін еместей көрінеді.

Шығарманы автор, өзі құрған оркестрдің күшімен орындайды.