Scorpions в Алматы

Ән-жырым саған, Қазақстан!

«Жастар шығармашылығы» топтамасы

«Ән-жырым саған, Қазақстан

Конституция күні қарсаңында «Астана Опера» театры «Жастар шығармашылығы» топтамасынан «Ән-жырым саған, Қазақстан» атты мерекелік концертін ұсынады.

Бағдарламада қазақстандық (А.Жұбанов, Е.Рахмадиев, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов), батысеуропалық және орыс композиторларының операларынан ариялар мен дуэттер шырқалады.

Жас болса да, өзін танытып, жарқырап шыққан музыканттар – вокалистер мен аспапшылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетеді:

Әйгерім Аманжолова (сопрано)

Назым Сағынтай (сопрано)

Малика Минизини (меццо-сопрано)

Алмат Избамбетов (тенор)

Алтынбек Әбілда (баритон)

Азат Мәлік (баритон)

Шыңғыс Расылхан (бас)

Жібек Сапарғалиева (флейта)

Dolceскрипкашылар ансамблі

 

Фортепиано партиясында – Раушан Бескемпірова.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады