Наргиз Закирова Алматыда
Қазақстанда алғаш рет – Наргиз Закирова!
2017 жылдың 22 қыркүйегінде Алматыда, Республика Сарайының сахнасында Наргиз SP Clinic қолдауымен, алғаш рет қазақстандағы тыңдаушыларына "Вдвоем" бағдарламасын ұсынады.
Наргиз Закирова – әнші және музыкант, «Голос» телешоуына қатысқаннан кейін посткеңестік аумағында атақты болды, оның тәлімгері болып Леонид Агутин шықты. Рок және фолк-рок стилінде музыка орындайды. Наргиз Өзбекстанда туылған, бірақ жиырма жылдан астам уақыт бойы Америкада тұрып, музыкамен айналысады. Ресейге әнші арнайы телебағдарламаға қатысу үшін қайта оралған. «Голос» шоуының екінші маусымы Наргиз мансабында маңызды қадамы болды. Жобаның арқасында әнші Ресейге атағы шықты. 2013 жылдың 20 желтоқсанында жарыстың финалына шықты.Наргиз жеңімпаз болған жоқ, құрметті екінші орынды иеленді. Бірақ бұл орын оның кейінгі өміріне еш рөлін ойнамады, және жобадан соң ол өте көп сұранысқа ие болды. Әншінің өзінің ойынша: «Мен ұтқан жоқпын, бірақ жеңімпаз болдым». Алла Пугачева Нагризді ерекше энергетикасы бар әнші деп санайды, және оны музыкалық мансабының түрлі кезеңдерінде қолдау көрстетуде. Наргиз заң бойынша «Голос» шоуының ханшайымы деп есептеледі, және оның нағыз әйгілі қатысушысы болды. Біртума әнші өзінің зор, әрі әдемі дауысымен өз жанкүйерлерін таба білді. Орындаушы нағыз әртіске лайық барлық жағынан да өзінің еркіндігі мен басыбайлылықтан босатылғандығын көрсетеді. Закированың бұл мамандықты таңдауына, оның музыкалық отбасы әсер еткен екен. Өзінің өзгеше, әрі әдеттегіден тыс келбеті, және әрине, бірегей тембрының арқасында, Наргиз Закированың концерттері әсіресе этно және рок-музыка тыңдармандары арасында үлкен танымалдылыққа ие.
Концерт басталуы: сағат 19:00
Анықтама телефондары: + 7 727 329 31 31