rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Mamma Mia!»

Мюзикл «Mamma Mia!»Өтетін орны: Алматы қаласы, Қажымұқан көшесі, 11, Еуразия ұлттық университетінің оқу-зертханалық ғимараты

Пьесаның авторы: Бьорн Ульвеус, Бенни Андерссон
Әндердің сөзін аударған - Мерей Ермұханов

Премьера күні мен уақыты: 21 мамыр 18: 00, 22 мамыр 17:00

Қоюшы Режиссер: Ильяс Даньяров

Актерлер: Мюзиклдегі басты рөлдерді Ғанибет Мұхтаровтың жетекшілігімен Еуразия ұлттық университетіндегі “ E-STUDIO” вокалдық тобы мен “Самұрық” би ансамблінің солистері орындайды.
Мюзикл “Beverly Band” тобының жанды музыкалық әуенімен бірге орындалады.

Жанр: Мюзикл

Ұзақтығы: 2 сағат, 2 акт және үзіліс

Жас шектеуі: 16+

Қосымша:

 

«Mamma Mia!» мюзиклі — заманауи, сықақ жанрлы, романтикалық комедия. Оқиға желісі екі бағытта дамиды: ол махаббат пен екі ұрпақ қарым-қатынасының тарихтары. Қойылым құрылысы АВВА тобының өмірге құштар әндері мен кейіпкерлердің тапқыр әңгімелері ерекше қылатын комедиялық жағдайлардың шиеленісінен тұрады.

20-жасты Софи анасы Донна екеуі өмір бойы Грекияның Калакаири аралында тұрады. Софи анасына кішігірім қонақ үйді басқарып, ұстауға көмектесіп жүр. Тұрмысқа шығудың қарсаңында Софи анасының күнделігін табады екен.

Содан оның әкесі болуға ықтимал үш еркектің - Сэм, Билл, Гарри деген аттарын 

біліп қояды да, Доннаның атынан оларға тойға шақыру жібереді.

Үшеуі де тойға келген кезде, Софи олардың қайсысы әкесі екенін аңғара алмай, Донна енді өткен шағының ең басты қателігі, өзінің жалғыз ғашығы - Сэммен қайтадан кездеспек.