«Ұшқыш кеме» мюзиклі Павлодар қаласында

9 және 10 қазан күні сағат 19.00-де Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының сахна төрінде кеңес режиссері Гарри Бардиннің аттас мультфильмі бойынша қойылған «Ұшқыш кеме» ертегілік мюзиклінің тұсаукесері өтпек. Бұл оқиға мейірімділік, жанқиярлық махаббат пен адалдықтың арандықты, зұлымдықты және тәкаппарлықты қалай жеңгені туралы сыр шертеді.

Мультипликациялық нұсқасына 45 жыл болыпты. Алайда оны әлі күнге дейін үлкен ұрпақ та, жеткіншек ұрпақ та сүйсене көріп, мультфильмдегі әндерді жатқа біледі.

Филармонияның музыкалық нұсқасында композитор Максим Дунаевский мен әнші ақын Юрий Энтиннің жауһарлары «Лад» орыс халық аспаптар ансамблі мен «Ретро» вокалдық ансамблінің орындауында ұсынылады. Қойылымға «Шернияз» би ансамблінің әртістері қатысады. Басты кейіпкерлердің рөлдерін Сергей Князев, Уахит Алинур, Айвар Дүйсекеев, Екатерина Романенко сомдайды. Қойылым режиссері - А.П.Чехов атындағы драма театрының актрисасы Юлия Захарчук.

Сіздерді ертегі кейіпкерлерінің ортасында жарасқан ұжымда арасында керемет кеш күтіп тұр. Тамаша музыка, вокал және хореография нағыз мерекенің атмосферасын қалыптастыратыны анық.