Композициялық драма «Kүтeм ceнi»

«Күтем сені» қойылымы – хор ұжымының Композициялық драма классикалық жанрына жаңа көзқарас. Сюжеттің негізінде екі басты кейіпкер – баритон  мен колоратурлық сопрано  арасындағы махаббат хикаясы жатыр. Олар бір-біріне ғашық болып, бірге ән айта бастайды, сахнада ерекше атмосфера жасайды.

«Күтем сені» спектаклі-музыканың,  хор ұжымымен бірге хореографияның және актерлік шеберліктің бірегей үйлесімі. Көрермендер жарқын және эмоционалды қойылымдарды тамашалай алады, мұнда әр кейіпкер жалпы үйлесімділікте өз рөлін атқарады.

Қойылымдағы басты рөлдерді талантты өнерімен көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болған әртістер және Шымкент қалалық опера және балет театрының хор ұжымы сомдап,  қазақ композиторларының және халық әндерінен жанды дауыста акапелла орындалады. Әртістер көрермендермен бірге эмпатия мен қуанышқа бөлейтін ерекше бейнелер жасайды.

Либретто авторы – Ұлан Болатбек, Режиссеры – Шағуан Үмбетқалиев, Балетмейстер – Ернұр Қарықбол, Бас Хормейстер – Алихан Айдарханов, Бас сүретші –Бақыт Күзенбаев, Костюм бойынша суретші – Сабира Даулеталиева, Көркемдік жетекші – Жасулан Сейдазимов.

Басты рөлдерде: Баритон /Бақыткелді/ – Бауыржан Сегізбаев, Абдулла Айгазиев, Нұржан Зулпыхаров.  Колоратуралық сопрано /Қарлығаш/ – Айдана Тәтіқұлова, Лабихан Көркем, Назира Булегенова.  Үміт – Диас Ержанұлы, Достары /Тенор/ – Бақыт Джумабеков, /Баритон/ Бақытжан Турсуманов,  Дәрігер - Оразхан Берсугоров және негізгі қатысушы Шымкент қалалық опера және балет театрының хор ұжымы.

«Күтем сені» - Шымкент қалалық опера және балет театрының сахнасында өнер және шынайы өмірден әлеміндегі нағыз оқиға болады және көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырады. Музыка мен театрдың осы сиқырлы әлемінің бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

ШЫҒАРМАЛАР

  1. «Су тасушы қыз» - сөзі:  Н. Шәкенов, әні: Б. Байқадамов
  2. «Қарлығаш» - әні: А. Жұбанов, хорға өң. Г. Ахметов, сөзі: И. Матанов
  3. «Тау ішінде» - сөзі, әні: С.Сейфуллин, хорға өңдеген Б. Демеуов
  4. «Кермаралдай» - Халық әні. Хорға өңдеген Б. Демеуов
  5. «Жанарым» - Хорға өңдеген  Н. Абдешов, Е. Хасанғалиев
  6. «Дауыл» - әні; Ғ. Жұбанова, сөзі: Ә. Сәрсенбаев
  7. «Бір бала» - Халық әні. Өңдеген С. Бекмағанбетова
  8. «Ақ көгершін» - А. Жұбанов, өңдеген С. Сартай
  9. «Күрең қыз»  - А. Ерболат, әні: М. Мақатаев, сөзі: Г. Дәукенова
  10. «Хорал» - «Қамар сұл» операсынан Е. Рахмадиев
  11. «Айтып бер» А. Ерболат, О. Назарбеков, Е. Қайболдин