Scorpions в Алматы

«Алдар Көсе» мюзиклi

Құрметті көрермендер! Талантты және кәсіби актерлердің тамаша ойыны, ғажайып әндер мен серпінді билері бар қойылымды көргілеріңіз келсе, 27 және 28 қаңтар күні Қазақконцертке «АЛДАР КӨСЕ» мюзикліне келіңіздер.

«АЛДАР КӨСЕ» мюзиклінің премьерасын 2022 жылдың желтоқсан айында Орталық Азиядағы тұңғыш «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік мюзикл театры ұсынған болатын.

Қойылымның сюжетінде қазақ халқының жарқын, қызықты және тағылымды көрінісі баяндалады. Сондай-ақ, мюзикл халық батырының мәңгілік бейнесін жасауға, мықты тұлға ретінде қалыптастыруға, адамгершілік-рухани құндылықтарды, даналық пен тапқырлықты дәріптеуге бағытталған. Басты кейіпкер кедейлерді зұлымдық пен сараң байлардан қорғап жүреді. Әрі шапшаң, әрі жүйрік Алдар көсе үнемі қиын жағдайлардан шығып кетуге тырысады. Бұл жолы оқиға кейіпкеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені халықты Тағай ханның әділетсіз билігінен аман алып қалуы тікелей өзіне байланысты. Ол барлық қиындықты жеңе ала ма, өткір ақылы мен ептілігіне бұл жолы сенім арта ала ма?..

Мюзиклдің қоюшы-режиссеры – «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин, қойылымның авторлары – Ефрат Шарипов, Шыңғыс Маман, Есләм Нұртазин, Әннәс Бағдат, композитор – Ербол Нариманұлы, Ақжол Өмірзақов,

Алдар Көсемен бірге ертегі әлемін ашыңыз!