Мымрёнок

Мымрёнок - жануар да емес, құс та емес, алайда өзінің мінезімен көптеген тілалмаш тентектерге ұқсайтын бала. Ол үйінен кетіп, адасып, орманда Мамықты кездестіреді.

Мамық Мымренокты дүрыс әдепке үйретіп, үйге апарар жолды табуға көмектеседі.

Мамық біздің кішкентай кейіпкерімізге өзін қалай дұрыс ұстау керектігін үйретіп, ешкімді ренжітпей, керісінше бәрін қуантып, күлкі сыйлауға баулиды!

Қойылым барысында тәрбиенің маңыздылығы ойын жолымен, оңай тілмен түсіндіріліп, дәріптеледі.