БІЗДІҢ БИЛЕГІМІЗ КЕЛЕДІ
Уақыт, өмірдің әрбір бағалы сәті, құлақ асуға талпыныс, ата-ана мен бала арасындағы дау, бүкіл Әлемге жеткізгіміз келген ой, адам баласы, айырмашылықтарымыз бен ұқсастықтарымызды жырлайтын қойылым.
Қойылымда бірде-бір ойдан шығарылған сөз жоқ.
Сахналық туынды деректі театрдың «вербатим» техникасы бойынша құрылған.
Біз оңдаған замандастарымызбен тілдесіп, олардың ойын сұрап келесі сұрақтардың жауаптарын жинастырған едік:
Бұрынғы кездері жақсырақ па еді? Обасылық құндылықтар қаншалықты өзгеріске ұшыраған? Қыз баласы келін болып, күйеуінің жанұясын асырауға не себептен міндетті саналады? Өз әйеліңді тепкінің астына салу дұрыс па? Бүгінгі ұрпақ пен алдынғы буынның арасында қандай айырмашылық бар? Ата-аналарыңыз сіздерді қалай тәрбиеледі және де сіздер өздеріңіз балаларыңызды/немерелеріңізге тәрбиені қалай бересіздер? Жасы үлкен адамдар тарапынан сіздің түр-әлпетіңіз бен сырт келбетіңізді сөгіп, сынаған әдеті қаншалықты дұрыс? Сіздердің ойларыңызша, қай буынның түсіністік сезімі молырақ? Болашақ жастардың қолында ма? Ата-анаңызбен ара-қатынасыңыз жақсы ма? Бізден кейін не болмақ? Келер ұрпақ қандай болады? Бостандық зұлымдыққа арбай ма? Қатал шектеулер үлкен буынды мықты етіп тәрбиеледі ме? Сіздің арманыңыз қандай? Жас кездеріңізде нені армандап едіңіздер? Қазір нені арман етесіз? Өзара өарым-қатынасты ғаламтор желісі қаншалықты оңайлатты? Тик-ток желісі ой-өрісі кемдерге арналған ба? Дәстүрлер не үшін керек? Ары қарай не болмақ? Және тағы да басқа сұрақтар...
Ой-толғаныстар, тақырыптар мен сұрақтардың жауаптары негізінде қойылымның бейнесі жасалған. Бұл зеріктірер дүние емес, керісінше көңілді көтеріп, иронияны сезінуге мүмкіндік беретін асыл өнер туындысы. Біздің зеріктіргіміз келмейді. Біздің билегіміз келеді.