rebranding

«Музыкалық серпантин»

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 28 желтоқсан, 2023

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

 

Концерт «Bel Canto музыкалық салоны» топтамасынан

«Музыкалық серпантин»

«Астана Опера» театрының опера солистері мен оркестр әртістері Жаңа жыл қарсаңындағы кешті Bel Canto музыкалық салонында өткізуге шақырады. Концерттің бастамашысы және авторы – музыкалық кеңесші әрі концертмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раушан Бескембирова.

Сонымен қатар ол вокалдық репертуардың қызықты таңдауымен, театрлық көңіл күймен, атмосфераның жылылығы әрі шынайылығымен ерекшеленетін, көрермен көңілінен орын алып үлгерген «Романтика сиқыры» және «Музыкалық серпантин» жобаларының авторы.

Раушан Бескембированың өз мерейтойын сахнада достары мен әріптестерінің ортасында қарсы алып, олармен бірге өзінің адал жанкүйерлері мен барлық музыка әуесқойларына жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтыны қуантады.

Концерт бағдарламасында қазақ және неаполитандық әндер, романстар, классик композиторлардың аспаптық шығармалары, сондай-ақ заманауи шлягерлер орындалады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

ОПЕРА СОЛИСТЕРІ МЕН ОРКЕСТР ӘРТІСТЕРІ.

Концертмейстер – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.