«Астана Операдағы» музыкалық демалыс (Үшінші концерт)
2022/2023 Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал Х маусым
9 тамыз * сәрсенбі * 19.00
Концерт
«Астана Операдағы» музыкалық демалыс
(Үшінші концерт)
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.
Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Республиканың жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарында және шетелдегі беделді оқу орындарында оқитын дарынды қазақстандық студенттердің Камералық зал сахнасында өнер көрсетуі игі дәстүрге айналған.
«Астана Операдағы» музыкалық демалыс» концертінде Брюссель Корольдік консерваториясы, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы, Вано Сараджишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік консерваториясы, М.Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясы және басқа да оқу орындары студенттерінің орындауында отандық авторлар мен классик композиторлардың шығармалары шырқалады.
Барлығы да жас әртістер – жарқын музыканттар, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары. Отанында өнер көрсету жауапкершілікті еселей түседі – бұл емтихан, жұмыстың нәтижесі, отандық жұртшылық пен үлкен музыка әлеміне жолдама берген ұстаздары алдындағы есеп.
ОРЫНДАУШЫЛАР
Халықаралық байқаулардың лауреаттары:
Индира МҰСАТАЕВА (меццо-сопрано)
Кемел ҒАЛЫМЖАН (баритон)
Алия АСАНОВА (фортепиано)
Жанель НУРБЕКОВА (гобой)
Сара БАЛТАБАЕВА (флейта)
Еркебулан БАГДАТ (фагот)
Ильяс УЗБЕКОВ (фортепиано)
Фортепиано партиясы – Жаңыл РАХИМБЕКОВА
БАҒДАРЛАМА
Г.Перселл. «Дидона мен Эней» операсынан Дидонаның ариясы (When l am laid in earth…)
П.Чайковский. «Нет, только тот, кто знал…» (И.Гётеден Л.А.Мейдің аудармасы)
П.Чайковский. «Благословляю вас, леса…» (А.К.Толстойдың өлеңдеріне)
П.Чайковский. «Түн» (Я. Полонскийдің өлеңдеріне)
А. Вивальди. Гобойға арналған концерт, до-мажор, 2-3 бөлімдер
К.Рейнеке. Флейта мен оркестрге арналған концерт, ре мажор, 1-бөлім
К.Вебер. Фагот пен оркестрге арналған венгр фантазиясы, ор.35
А. Скрябин. Фортепианоға арналған Вальс, ля-бемоль мажор, ор.38
А. Скрябин. Фортепианоға арналған №4 соната, фа-диез мажор, ор.30
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.