rebranding

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс (Бірінші концерт)

2022 / 2023                Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал     Х маусым

21 шілде * жұма * 19.00

 

Концерт

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс

(Бірінші концерт)

 

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Республиканың жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарында және шетелдегі беделді оқу орындарында оқитын дарынды қазақстандық студенттердің Камералық зал сахнасында өнер көрсетуі игі дәстүрге айналған.

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс» концертінде П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Гнесин атындағы Ресей музыка академиясы және басқа да оқу орындары студенттерінің орындауында отандық авторлар мен классик композиторлардың шығармалары шырқалады.

Барлығы да жас әртістер – жарқын музыканттар, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары. Отанында өнер көрсету жауапкершілікті еселей түседі – бұл емтихан, жұмыстың нәтижесі, отандық жұртшылық пен үлкен музыка әлеміне жолдама берген ұстаздары алдындағы есеп.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Аделина МҰХАМЕДИЯРОВА (скрипка)

Сейіт ЖӘНІБЕКОВ (виолончель)

Жаннет ТҰЯҚОВА (флейта)

Камиля ИСМАҒҰЛОВА (флейта)

Бекзат РАҚЫМОВ (фортепиано)

Камила КАХИРМАНОВА (фортепиано)

Фортепиано партиясы – Динара ҚАЛАБАЕВА, Жаңыл РАХИМБЕКОВА

 

 

БАҒДАРЛАМА

Ф. Гобер. Флейта мен фортепианоға арналған №3 соната

С. Рахманинов. Виолончель мен фортепианоға арналған соната, соль минор,

оp.19, 3-бөлім

Ф. Шопен. Анданте спианато және Үлкен полонез, ор. 22

П. Чайковский-М.Плетнев. «Щелкунчик» балетінен Andante Maestoso

П.Чайковский. «Думка», фортепианоға арналған пьеса, до минор ор.59

П.Чайковский. «Мелодия»

С. Рахманинов. Этюд-картина, ор.39 №9 ре мажор

И.Стравинский. «Петрушка» балетінен орыс биі

К. Зграя. №1 виртуозды фламенко этюді

Ж. Ибер. Флейта, скрипка мен фортепианоға арналған екі интерлюдия

Д.Поппер. Виолончель мен фортепианоға арналған «Эльфтер биі», ор.39

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.