rebranding

«Нарцисс елінің музыкасы»

2018/2019 Камералық зал VI маусым

3 наурыз * жексенбі * 18.00

Концерт

«Нарцисс елінің музыкасы»

 

3 наурызда театрдың Камералық залында «Нарцисс елінің музыкасы» концерті өтеді.

Уэльс – Ұлыбританияның оңтүстік-батысында орналасқан елдің басты төрт саяси-әкімшілік бөлігінің бірі. Уэльстің халық саны көп емес – шамамен үш миллион адам. Алайда, Уэльс тұрғындары – валлистер – музыкаға өте бейім халық, хормен өлең айтуды жақсы көреді және Астанадағы британдық Хейлибери мектебінің оқушылары осы дәстүрді жалғастырып келеді.

Ақпан айының соңы мен наурыз айының басында гүлдейтін нарцисс гүлі Уэльстің рәмізі болып табылады, сондықтан барлық концертке қатысушылардың төсінен осы гүлді көре аласыздар.

Концерт бағдарламасында классик-композиторлардың шығармалары, уэльс халық әндері, діни хор әндері, сондай-ақ Уэльс композиторларының туындылары бар.

 

Концерт қонағы Финиан Джонс – ағылшындық пианист, Тринити (Лондон) музыкалық колледжінің түлегі. Лиондағы (Франция) Ұлттық музыка және би жоғары консерваториясында тағылымдамадан өтіп, Еуропаның әйгілі музыканттарынан шеберлік сабақтарын алған.

Джон Айрленд атындағы, А.Скарлатти атындағы, Il Circolo халықаралық пианистер байқауларының лауреаты, Мессиан сыйлығының иегері.

Финиан Джонс St Martin-In-The-Fields, Кембридж филармониясында, Лондондағы Елизавета Патшайым залында, Бейжіңдегі Manet клубында жеке концерттерімен өнер көрсеткен, сонымен қатар Қытай, Украина, Сауд Арабиясы мен Үндістанда гастрольдік сапарда болған.

Қазіргі таңда Ұлыбританияда тұрады, солист әрі камералық музыкант ретінде өнер көрсетеді, ұстаздық қызметпен айналысады.

 

КОНЦЕРТКЕ ҚАТЫСАТЫНДАР:

Финиан ДЖОНС (фортепиано)

«Астана Опера» ерлер хоры

Хэйлибэри мектебінің балалар хоры

Хэйлибэри халықаралық қоғамдық хоры (Астана)

Дирижер – Росс КЛАРК