Scorpions в Алматы

Музыка – сезім шырағы

2022 / 2023                     Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал Х маусым

11 мамыр * бейсенбі * 19.00

 

Концерт

«Музыка – сезім шырағы»

 

 

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

   

К.Байсейітова атындағы Камералық залда танымал қазақстандық композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші өтеді.

         Төлеген Мұхамеджанов – классикалық және эстрадалық жанрды құстың қос қанатындай сәтті алып жүрген заманымыздың ең жарқын авторларының бірі. Оның шығармашылық қоржынында – симфониялар, опералар, музыкалық комедиялар, ішекті аспаптарға арналған квартеттер, симфониялық пьесалар, Абай өлеңдеріне арналған вокалдық топтамалар, романстар, әндер, кино мен театрға арналған музыка бар.

         Концертте композитордың камералық-аспаптық және вокалдық шығармалары танымал опера әншілерінің, саусағынан бал тамған аспапшылар мен  камералық ансамбльдердің орындауында шырқалады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Шахимардан ӘБІЛОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (баритон)

Нұржамал ҮСЕНБАЕВА, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (сопрано)

Амир ТЕБЕНИХИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

Бекболат БАЙСАҒАТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (флейта)

Фортепиано партиясы – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Жанар АХМЕТОВА, халықаралық байқаулардың дипломанты

 

«FORTE TRIO» ҚР Мемлекеттік триосы мынадай құрамда:

Тимур Урманчеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

Мақсат Жүсіпов (скрипка)

Мұрат Нарбеков (виолончель)

 

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті мынадай құрамда:

Айдар Тоқталиев (1-скрипка)

Алексей Лебедев (2-скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (виолончель)

 

 

БАҒДАРЛАМА:

Фортепианолық пьесалар топтамасы

Фортепианолық трио

Ли Боның өлеңдеріне арналған вокалдық топтама

Флейтаның жеке орындауына арналған сонатина (Қайролла Жұмакеновті еске алуға арналған)

Фортепианоға арналған «Мимолетности»

Абай өлеңдеріне арналған вокалдық топтама

№1 ішекті аспаптар квартеті (Ғазиза Жұбанованы еске алуға арналған)

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.