rebranding

Мульт Fiesta

Құрметті павлодарлықтар мен қаламыздың қонақтары! Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы сіздерді ең жас көрермендерімізге арналған «Лад» орыс халық аспаптар ансамблінің үлкен концертіне қуана шақырады

«Мульт Fiesta» - бұл мектеп демалысы мен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жарқын және көңілді мереке. Қазақстанның мәдениет үздігі Оксана Петрушкинаның жетекшілігіндегі «Лад» ансамблі үшін бұл мейірімге толы бір дәстүрге айналды.

Бұл жолы балалар үшін белгілі кеңестік және шетелдік мультфильмдердің сүйікті әндері орындалады. Олардың арасында «Мулан» мультфильміндегі «Reflection»; «Песня друзей» немесе «Бремен музыканттарының» «Ничего на свете лучше нету» деген атпен танымал әні; «Вижу свет» («Рапунцель»); «Сказка о любви» («Красавица и чудовище»); «Лев сегодня крепко спит» («Король лев»); «Едет трактор» және басқалары.

Көрермендер хор дирижерлығы бөлімінің музыкалық колледжінің аралас хорын тамашалайтын болады, жеке ән салу бөлімінің студенті Анастасия Тарасенко өнер көрсетіп, жүргізуші ретінде Әсемгүл Нұржан болады.

Сондықтан да, қымбатты ата-аналар, әжелер мен аталар, өз балаларыңызға жарқын «Мульт Fiesta» мерекесін сыйлауға тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!