«МҰХИТТЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ» жобасы

«МҰХИТТЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ» жобасы аясында Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына арналған Батыс дәстүрлі ән мектебі өкілдерінің концерті өтеді.

Кеште Әйгілі Хатимолла Бердіғалиев бастаған Ақ жайық өңірінің айтулы дәстүрлі әншілері өнер көрсетіп, баба сөзін тірілтіп, дала сазын жаңғыртады. Кеш «Атамекен» этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен өтеді.

Кешті Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, дәулескер күйші, ділмәр шешен Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.