Scorpions в Алматы

«MOZART»

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 6 желтоқсан, 2023

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

 

6 желтоқсанда «Астана Опера» театры сахнасында ең «жайдары» композитор Вольфганг Амадей Моцарттың жарқын әрі жан тебірентер музыкасы шырқалады. Оны Евгений БУШКОВТЫҢ (Ресей) жетекшілігіндегі STEPPE MUSIC оркестрі орындайды. Кеш қонағы – әлемге әйгілі корей скрипкашысы Хеюн ПАК.

Бағдарламада В.А.Моцарттың жауһарлары:

«Серальдан алып қашу» операсына увертюра

Скрипка мен оркестрге арналған №5 концерт, ля мажор

№ 41 «Юпитер» симфониясы, до мажор

Орындашылар:

Steppe Music оркестрі

2023 жылы Астанада құрылған. Құрамында – орындаушылық өнердің хас шеберлері. Symphonic show жобасы аясында ұжымның Астана және Алматыда тамаша концерттері өтіп, онда Queen тобы мен италиялық Sanremo фестивалінің хит әндері орындалды.

Дирижер Евгений Бушков (Ресей)

Танымал скрипкашы әрі дирижер; ұзақ уақыт «Новая Россия» оркестріне жетекшілік етті, 2009 жылдан бастап – Беларусь Республикасы Мемлекеттік камералық оркестрінің бас дирижері. РФ еңбек сіңірген әртісі.

Хеюн Пак, скрипка (Корея)

Атақты скрипкашы солист ретінде де, камералық музыкант ретінде де жоғары бағаға ие. 9 жасында Сеул филармониялық оркестрімен бірге дебют жасады, ал 17 жасында байқау тарихында ең жас жеңімпаз атанып, Мюнхен қаласындағы ARD халықаралық музыкалық байқауында бірінші орынды иеленді. 20 жасында «London Music Masters» беделді сыйлығымен марапатталды.   

Әлемнің жетекші оркестрлерімен қызметтес, олардың қатарында Лондон симфониялық оркестрі, Би-Би-Си Уэльс ұлттық оркестрі, Мариинский театры, NHK, Монреаль, Токия астаналық симфониялық оркестрлері, Корольдік Ливерпуль филармониялық, Вена камералық оркестрі және тағы басқалары бар.

Жеке концерттерімен әлемнің үздік залдарында өнер көрсетеді. Атақты халықаралық фестивальдердің жиі шақырылатын қонағы. Оның камералық музыкалық аспаптарда ойнау бойынша серіктестері – Гидон Кремер, Андраш Шифф, Юрий Башмет, Ларс Фогт, Дэниэл Хоуп, Хью Уоткинс, Бенджамин Гросвенор.

 «Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.