rebranding

«Жан-жақты Россини»

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
 
Күні: 10 сәуір, 2024
 
Уақыты: 19:00
 
Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут
 
Жас шектеуі: 10+
 
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
 
 
 
 
 

Оперналық-симфониялық концерт

«Жан-жақты Россини»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Оркестрдің бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі көңілді әрі шаттыққа бөлейтін музыка – ұлы италиялық опера композиторы Джоаккино Россинидің музыкасынан тұратын концертті ұсынады.

Алайда бұл жолы «жан-жақты» Россини болмақ. Ол «Күлбике», «Севильдік шаштараз», «Италиядағы түрік» пен «Алжирдегі италиялық қыз» комедиялық опералардың авторы. Сонымен қатар «Вильгельм Телль» батырлық-патриоттық операсы және Дева Марияның қайғы-қасіреті туралы зарлы Stabat Mater де қаламгерге тиесілі...

Оркестр мен солистердің орындауында А.С.Пушкин «тәнті ететін Россини» деп атаған ұлы маэстроның операларынан ариялар, дуэттер мен көріністер шырқалады.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Алан БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.