Қайта өңделген пластиктен жасалған бұйымдарды жасау бойынша мастер-класс

Өтетін орны: Алматы қ., Барибаев к-сі, 36, Литер «Г», Plastic Hara hura шеберханасы

Өтетін күні мен уақыты: әр жексенбі сайын

Ұзақтығы: 1 сағат

Жас шектеуі: 7+

Билет бағасына келсі кіреді: Ұсақталған және тазаланған, түрлі түсті дайындалған пластик;

Тұтқаға немесе брошқа (бұйымдарға) арналған фурнитура;
Бұйымдарды балқытуға арналған ыдыстар;
Бұйымдарды жасау үшін пайдаланылатын барлық қажетті жұмыс материалдары мен құралдары

 

Мастер-класс (7 жастан асқан балалар мен ересектерге арналған) бағдарламасы:Кіріспе дәріс, экология тақырыбындағы талқылау
+ Неге пластикті қайта өңдеу керек?
+ Пластик қалай жасалады?
+ Ал егер біз оны бөлек жинап, қайта өңдемесек не болады? (фильм)
+ Пластикті үйде әртүрлі фракцияларға қалай бөлуге болады?
Әркім өзінің ыдысы мен түсін таңдайды
Ұсақталған пластиктің қалай балқып, бұйымға айналатынын көрсетеміз
+ Пластикті қайта балқытамыз, сувенирлер жасаймыз;

Әркім өзінің кілтке ілетін бұйымын немесе су, газдалған сусындар мен басқа да сусындардың пластикалық қақпақтарынан жасалған әшекейлерді шығаратын экологиялық мастер-классқа шақырамыз. Қақпақтарды алдын ала жинап, өзіңізбен бірге алып келуге болады!
Мастер-класстың нәтижесінде сіздер өздеріңіздің дизайныңыз бойынша өңделген пластиктен жасалған дайын бірегей бұйымды аласыз. Сонымен қатар, Мастер-класс барысында қайта өңдеу туралы көптеген жаңалықтар, шығармашылық көріністерге арналған жаңа ыдыстар мен материалдар туралы білетін боласыздар.