«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ ӘНДЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

«Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Қуаныш вальсі» бұл әндер Шәмші Қалдаяқовтың әндерін тыңдап өскен ұрпақтың жадында мәңгілік орын алған, қазақ мәдениетінің асыл мұрасына айналған шығармалар.

Егер сіз жаныңызға жақын қазақ музыкасының әлеміне бойлап, сиқырлы саз арқылы әдемі естеліктеріңізбен табысқыңыз келсе, Астанада өтетін «Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестиваліне шақырамыз!

Фестиваль қатысушыларының қатарында Әзербайжан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ильхам Назаров, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Айзирек Момунова, Алишер Навои атындағы мемлекеттік академиялық Үлкен опера және балет театрының солисі Носир Юсупов, Әзербайжан мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Аташ Гараев, сондай-ақ Т. Шевченко атындағы Украина ұлттық опера және балет театрының солисі Ксения Бахритдинова-Кравчук және Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының жетекші солисі Тайыр Тәжі бар.

Концертте Мәдениет саласының үздігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының дирижері Мұхтар Қалдаяқов дирижерлік етеді.

Сіздер тек жеке орындаулар ғана емес, Қазақконцерттің «Astana Musical» театры, «G-band», «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге ұтымды коллаборацияларды тамашалай аласыздар!
«Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі бұл қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың ғажайып әлемімен қауышу!

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!