Messa di Gloria

2020 / 2021                   Үлкен зал            VІІІ маусым

21 қараша * сенбі * 18.00

 

 

Дж.Пуччини

Messa di Gloria

 

 

«Астана Опера» театры Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен солистер, хор және симфониялық оркестрдің орындауында әлемдік музыкалық классика жауһары – Джакомо Пуччинидің Messa di Gloria туындысын ұсынады.

Сирек орындалатын осынау шығарма жас композитордың дипломдық жұмысы болып табылады. Мессаның тағдыры өзгеше өрбіді. Алғаш рет 1880 жылдың 12 шілдесінде Люкка қаласында қоңыраулар жебеушісі Әулие Полино мерекесінде орындалғаннан кейін ол талай жылдар бойы ұмыт қалады. Мессаның қолжазбасын арада 70 жыл өткен соң Дж.Пуччини шығармашылығын зерттеуші, американдық Данте Дофилантино тауып алады. Шығарылғанынан кейін тек 72 жыл өткен соң туынды қайта шырқалады.

Дж.Пуччинидің өз сөзінше, Мессаға «Messa di Gloria» атауы берілген, себебі оған ғибадат етуден гөрі мадақтаушылық сипат тән. Ал жұртшылықтың бұл туындыны барынша жеңіл қабылдауы үшін сазгер «Quitollis peccata» атты ең жарқын жеріне Тоскана өңіріне танымал халық әнінің әуенін қосқан.

 

Месса католиктер ғибадат ететін дәстүрлі мәтін бойынша латын тілінде жазылған және 5 бөлімнен тұрады:

1. Kyrie

2. Gloria

3. Credo

4. Sanctus e Benedictas

5. Agnus Dei

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР: 

Рамзат БАЛАКИШИЕВ (тенор) 

Талғат ҒАЛЕЕВ (баритон) 

«Астана Опера» театрының хоры және симфониялық оркестрі

Дирижёр – Джузеппе АКУАВИВА

 

Ұзақтығы – 1 сағат

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады