Scorpions в Алматы

2019 / 2020               Камералық зал                   VІІ маусым

21 желтоқсан * сенбі * 17.00

«Жастар – ел тірегі» топтамасы 

Концерт

«Скрипкадан төгілген махаббат әуендері

 

Жастар жылында «Астана Операда» жас дарындарды қолдау мен дамытуға бағытталған «Скрипкадан төгілген махаббат әуендері» концерті ұсынылмақ.

«Жастар – ел тірегі» топтамасында өз шығармашылығымен ел мәдениетін шетелде танытып жүрген көрнекті қазақстандық музыканттар өнер көрсеткен болатын.

Классик композиторлардың шығармаларынан тұратын бағдарламаны Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Жібек Мұсырғалиева мен Индира Нұрлыбай (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Раиса Мұсақожаеваның сыныбы) ұсынады. Олардың жетістіктерінің қатарында – халықаралық байқаулардағы марапаттар мен жүлделі орындар бар.

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Жібек МУСУРГАЛИЕВА (скрипка)

Индира НҰРЛЫБАЙ (скрипка)

Фортепиано партиясында – Сара АСАБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

 

БАҒДАРЛАМА:

М.Равель. Скрипка мен фортепианоға арналған №2 соната, соль мажор

С.Прокофьев. Скрипка мен фортепианоға арналған №2 соната, ре мажор, ор.94

Э.Шоссон. Оркестр мен скрипкаға арналған поэма, ор.25

М.Равель. Скрипка мен фортепиано арналған рапсодия («Цыганка»)

И.Флейшер. Соло скрипкаға арналған каприс («Наваждение»), op.77

Э.Изаи. Соло скрипкаға арналған №3 соната, ре минор («Баллада») ор.27/3

С.Рахманинов. «Маргариткалар», op.38, №3

Ф.Крейслер. «Веналық каприс», си минор, op.2

Д.Шостакович. Екі скрипка мен фортепианоға арналған «Бес пьеса» топтамасынан «Прелюдия»

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады