rebranding

«Экран әуендері. Жалғасы»

 

«Экран әуендері. Жалғасы»

«Астана Опера» Камералық залында Камералық оркестр қатысуымен «Экран әуендері. Жалғасы» атты концерті өтеді. Концертте бейнеқатар сүйемелдеуімен танымал кинофильмдер және мультфильмдерден алынған әндер мен аспаптық композициялар орындалады.

  • ғдарламада Элтон Джон, Ричард Шерман, Алан Менкен, Төлеген Мұхамеджанов, Эндрю Ллойд Уэббер, Ли Рума, Микаэл Таривердиев, Эннио Морриконе, Джон Уильямс, Андрей Петров, Руфус Уэйнрайт, Астор Пьяццолла және басқа танымал композиторлардың музыкасы Әлихан Идрисовтың өңдеуінде шырқалады.

«Арыстан патша», «Джунгли кітабы», «Сұлу мен Құбыжық», «Шрек» мультфильмдерінен; «Сумерки», «Махаббат станциясы», «Рэкетир», «Фара», «Бой с тенью», «Призрак оперы», «Тағдыр тәлкегі», «Однажды в Америке», «Мы из джаза», «Шиндлер тізімі», «Вокзал для двоих», «Запах женщины» кинофильмдерінен композициялар және тағы басқа шығармалар орындалады.

Концертке жетекші опера солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жан Тапин мен Сүндет Байғожин; сонымен қатар Рамзат Балакишиев, Константин Стригин, Анастасия Медетова, Айша Орынбасарова, Балжан Сапарова (флейта), Динара Сартай (фортепиано), «Астана Опера» камералық оркестрі мен хоры қатысады. Концертмейстер әрі дирижер – республикалық байқаулардың лауреаты Әлихан Идрисов.

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады