rebranding

Таңдаулы экран әуендері...

КОНЦЕРТ

«Таңдаулы экран әуендері...»

Идеялық шабыттандырушысы және дирижері керемет музыкант Әлихан Ыдырысов болып табылатын әрі үнемі аншлагпен өтетін «Экран әуендері» топтамасының концерттерін көрермендер тағатсыздана күтеді.

Сүйікті кино таспалардың үзінділерінен тұратын тамаша әуендер, сонымен қатар әртістердің әсерлі орындаулары музыкалық кино кешіне ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Концерт бағдарламасында «Сыған», «Мой ласковый и нежный зверь», «Д’Артаньян и три мушкетера», «Любовь и голуби», «Свой среди чужих, чужой среди своих», «Гараж», «Долгая дорога в дюнах», «Мимино», «Не может быть», «Иван Васильевич меняет профессию» және тағы басқа өткен дәуірдегі атақты кино туындыларының жауһарлары орындалады.

Сонымен бірге, Қазақстанда жасалған жаңа фильмдерден, атап айтқанда «Көшпенділер», «Құнанбай», «Астана – менің махаббатым», «Жаным», сондай-ақ, «Біздің сүйікті дәрігер», «Қыз Жібек», «Тақиялы періште» сияқты классикалық туындылардан алынған композициялар  шырқалады. «По следам бременских музыкантов» мультфильмінің әуендері бақытты балалық шаққа жетелейтін болады.

Орындаушылар: «Астана Опера» Камералық хоры мен оркестрі.

Солистер:

Асхат Бөлебаев, Салтанат Бекмағанбетова, Мақпал Әбдіреева, Ардақ Сабыр, Ержан Саипов, Александр Красиков, Қазыбек Досмұхамбетов, Ксения Затула, Ұлпан Әубәкірова, Елтай Мұстанов, Ерлан Мерекенов

Жеке аспапта орындаушылар:

Руслан Баймурзин (домбыра)

Санджана Мурзалиева (қобыз)

Константин Стригин (баян)

Әлихан Ыдырысов (рояль)

Жәнібек Бекмадиев (соқпалы аспап) және т.б.

 

Жоба авторы және дирижері – Әлихан Ыдырысов