Scorpions в Алматы

Melodic Show. Astana Ballet гастрольдері

«MELODIC SHOW» - «Астана Балет» әртістерінің орындауындағы бірегей шоу-бағдарлама, онда оркестр әртістері джаз және заманауи аспаптық композицияларды орындап, ал балет әртістері классикалық билерді ғана емес, жаңа жанрларда да өнер көрсетеді.

Концертте сіздер бүкіл әлемді бұрыннан бері жаулап алған және де сіздерді де тәнті ететін керемет хитттердің заманауи дыбысталуын тыңдайтын боласыздар. Ал орындаушылардың шеберлігі мен құштарлығы керемет эмоциялар мен қуат сыйламақ!

Кештің концерттік бағдарламасында келесі туындылар шырқалмақ: John Kander «NEW YORK, NEW YORK»; Andrew Lloyd Webber «The Phantom of the Opera»; Claude Bolling Suite for Flute & Jazz Piano Trio; Rondo Veneziano - Armonie for oboe & violin; Kim Soo Jin «B Rossette»; Zequinha de Abréu «Tico Tico»; Drum Show (барабаншылар шоуы), сондай-ақ оркестр әртістері ұсынатын бірегей өңдеуден өткен сан алуан жанрдағы көптеген нөмірлер.

Танымал неоклассикалық музыка нағыз авторлық өнер кейпінде танылып, болжап білмес және батыл эксперименттерге арналған кеңістікке айналатын болады. Дәл осы жоба аясында елордалық театр әртістері өздерінің шығармашылық қызығушылықтарын танытады, өздеріне тән жанрдан алшақтап, Almaty Theatre сахнасында мүлдем жаңа қырынан таныстырылады.