Ольга Павлованың шеберлік сағаты Ақтөбе қаласында

Сіздерді біздің шығармашылық кеңістігімізде өтетін актерлік шеберлік бойынша бірегей мастер-классқа қуана шақырамыз! Сахна құпияларын біліп, тәжірибелі маманның жетекшілігімен актерлік қабілеттеріңізді дамытудың тамаша мүмкіндігі туды.

Мастер-класстың тақырыптары:

1. Қалай шынайы болуға болады? (Әрекет)
Шынайы эмоцияларды жеткізіп, сахнада шынайы өмір сүруге үйреніңіздер. Ольга Павлова актерлік ойында шындықтың қаншалықты маңызды екенін және іс-әрекет арқылы оған қалай жетуге болатынын айтып береді.

2. Сахнадағы «Махаббат»
Махаббат сезімдері мен эмоцияларын қалай жеткізу керектігін білетін боласыздар. Сезімдеріңіздің тереңдігін ашып, оны көрермендерге жеткізуді үйренесіздер.

Спикер: Ольга Павлова, актриса, режиссер, ҚР мәдениетінің үздігі, халықаралық ортаазиялық фестивальдердің лауреаты (жүлдегері), ЛЕСТНИЦА эксперименталды зертханасының негізін қалаушы (Т.Ахтанов атындағы театр негізінде құрылған).

Актерлік шеберліктің ерекшеліктері туралы біліп қана қоймай, майталман шебердің жетекшілігімен тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігі!

Өз дарындарыңызды ашып, театрдың сиқырына терең бойлау мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!