Мастер және Маргарита Қарағандыда
«Мастер және Маргарита» жиырма бес жылдан астам уақыт бойы аншлаг жинап келе жатқан бірегей қойылым. Бқл қойылым ұлы романның ең басты сахналық оқылымына айналды. Михаил Булгаков пен Театр эстетикасының сарыны бір үннен шығатындай болды. Қойылымның басты айтатыны: шығармашылық ой мәңгі жасайды, «қолжазбалар ешқашан жойылып кетпейді»!
Сонда да «Мастер және Маргарита» қойылымы Валерий Беляковичтың қызметінде белгілі сюжеттік теңбе-тең мазмұндамасы ретінде қабылдау жөн емес. Бұл романға негізделген және Булгаков салған барлық үш қабатты қамтитын театрландырылған композиция тұрмыстық, фантастикалық және библиялық болып келеді.
Тылсым күш пен дауларға көмкерілген бұл қойылым кассалық қорлардың және көрермендер қызығушылығының барлық рекордтарын әлдеқашан жаулап алған. Бес құрлықтың 40-тан астам елдері бұл туындыға тәмсанып, ду-қол шапалақ үні ұзақ өшпеген. Көптеген қауесет пен сыбыстардың басын бастап, миллиондаған көрермендердің көңілін жаулаған қойылым.
Негізінде «Мастер және Маргарита» қойылымдық талаптарға аса бағынбайды. Орасан зор туындыны қойылымдық типке келтіру айтарлықтай оңай емес. Қойылған мақсатқа қол жеткізуде тығыз жанасқан оқиға желілері мен романның тылсым күштік құпиялыққа бауранғаны жағдайды өте күрделендірді. Алайда режиссер Валерий Белякович Михаил Булгаковтың ұлы туындысын сахна төрінде жаңғыртудан қорықпады. Аса шеберлікпен ойластырылған мизансценалар, би шашуы, керемет костюмдер, лазер шоуы, жарық бойынша суретшінің еңбегі, сондай-ақ актерлердің сөзсіз шеберлігі нағыз ғажайып дүниені атқарды: Булгаковтың ең танымал туындысы сахна төрінде сәтті түрде жарық көрді. Әрі, еш күмәніңіз болмасын, театрлық нұсқасы түпнұсқадан асып түспесе, кем емесі анық.