Scorpions в Алматы

Аналар. Петялар. Ватуктар.

Бұл жағдайда сіз өзіңіз үшін қолайлы бағаны төлейсіз, бағалар 5000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін. Өзіңіз үшін бір немесе достарыңыз бен жақындарыңызға да бірнеше билеттерге қол жеткізе аласыздар. Қойылымға билет сатып ала отырып, сіз «Трансформа» мәдени кеңістігінің дамуына өз септігіңізді тигізіп, қызметіне қолдау көрсетесіз. 

«GAS» театр-студиясы ТРАНСФОРМА алаңында өзінің «Аналар. Петялар. Ватуктар.» атты жаңа спектаклін ұсынады. Бұл оқиға отбасылық құндылықтар туралы, жақын адамдармен қарым-қатынас туралы, маңызды экологиялық мәселелер мен таңдау мәселелері, мегаполистер мен провинциялар тұрғындары арасындағы қарама-қайшылық, бейбітшілік пен ізгілік құндылықтары туралы сыр шертеді.

Спектакльдің бас кейіпкері (Петя) әрдайым ақиқатқа қол жеткізуге талпынады, алайда оқиғалардың өрби келе ол одан сайын шатасып, туған қаласының, отбасының өмірі мен мәселелеріне батып барады. Ол өзінің жақындарына қолынан келгенше көмектесуге тырысады, бірақ кедергілермен бетпе-бет түседі. Бұл спектакль бейбітшілік, ақиқат және бақыт туралы баяндайды, ал ондағы әрбір кейіпкер үшін бұл ұғымдар әртүрлі мағынаға ие.

Спектакль өзімізге және көрермендерге қоятын сұрақтарымызды ескере отырып, бүгінгі таңда өте өзекті. Спектакльде сіздер көп ойланып, көп таң қалатын боласыздар.

Актерлер:

Петя - Василий Попов
 
Лида - Изабель Кенебаева

Кішкентай кезіндегі Петя, Акиняк - Даян Губашев

Кішкентай кезіндегі Петя, Акиняк - Милана Абдуллаева

Анасы - Сауле Губашева

Әкесі - Багдаулет Келдыбеков

Матвей аға (такси жүргізушісі) - Еркен Губашев

Банчик - Саят Куанышев

Грибок- Александр Чечетко

Оксана- София Красильникова

Ким-чи - Ерайдын Тасболат