Кішкентай ханзада

Ертегі ме, әлде болған іс пе? Бәлкім, осының бәрі шын мәнінде болған хикая шығар? Мына Бала, Раушан гүлі, Түлкі, біртүрлі ересектерге толы ғаламшар? Әлде ойдан шығарылған ертегі ме? Әркім өз шындығына сенеді... Алайда шындық көзге еленбейтінін, жүректің көзі өткір екенін ұмытпайық. Және де тағы бір маңызды жайт: қолға үйреткен жандарымыз үшін біз жауаптымыз.