rebranding

«Қос рояльдің құдіреті»

2021 / 2022                   Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал                    ІХ маусым

21 қараша * жексенбі * 18.00

 

Фортепианолық дуэттер кеші

«Қос рояльдің құдіреті»

Белгілі пианистер – Гүлжан Өзенбаева мен Дана Жұбанова-Әлидің шығармашылық дуэті ХVIII–ХХ ғғ. классиктері мен заманауи қазақстандық композиторлар шығармаларының мазмұнды бағдарламасын ұсынады.

 

Гүлжан Өзенбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы фортепиано кафедрасының профессоры.

Дана Жұбанова-Әли Қазақ ұлттық өнер университеті фортепиано кафедрасының доценті бола отырып, республикалық және халықаралық байқаулардың 70-тен астам лауреатын тәрбиелеген. Қазақ фортепианолық және камералық музыкасын еліміз бен шет елдерде белсенді насихаттауда.

Концертте еліміздің музыкалық қауымдастығы 115 жылдығын атап өтіп жатқан Ахмет Жұбановтың «Екі тәжік биі» шырқалады.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

И.С.Бах–А.Зилоти. Си минор прелюдиясы

Д.Скарлатти. Екі соната

Л.Бетховен. Вальдштейн тақырыбындағы вариациялар

Э.Григ. «Пер Гюнт» сюитасынан үш пьеса

И.Брамс. Үш венгр биі.

К.Гуаставино. Романс

Ж.Бизе–В.Грязнов. Екеуге арналған хабанера

Дж.Гершвин. Үш прелюдия

С.Прокофьев. Монтекки мен Капулетти («Ромео мен Джульетта» балетінен)

А.Жұбанов. Екі тәжік биі

Г.Өзенбаева. «Самғау»

А.Бородин. Г.Өзенбаеваның өңдеуінде «Князь Игорь» операсынан «Қыпшақ билері»

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Гүлжан ӨЗЕНБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дана ЖҰБАНОВА-ӘЛИ, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады