rebranding

«Мафия» спектакль-ойын

«Мафия» ойын-спектаклі

бұл танымал ойын және антураж бен ерекше әсер ояту үшін театр механикаларының үйлесімінен туындаған жанр. Көрермендер ойын ойнап жатқанда, театр олардың ойынына бейімделіп, нуарлы детективтердің сарынындағы оқиғаның бейнесін жасайтын болады. Көрермендердің әрбір шешімі оқиғаның өрбуіне тікелей әсер ететіні ерекше сезілмек. Билеттер ойын залына да, көрермен залына да қолжетімді. Көрермен залына билет алған қонақтар ойынға қатыспай, сахна төрінде орнап жатқан шытырмандарды қызықтай алады. 

Театрымызға келіп, өзіңнің ішкі түйсігіңді сынап көр!