Көкжал бөрі
Адам баласы мен қасқыр - бір ортақ мүддемен байланысқан қас жаулар. Кей кезде адам мен қасқыр арасындағы айырмашылықты ажыратып білу қиынға соғады! Мұхтар Әуезов бұл оқиғаны 1929 жылы қағаз бетіне түсірген. Бейнелі ой символикалық ойға ұласып, әуенді мотив ұлы идеяға өрбіп, шындықты жарқын суреттеген «Көкжал бөрі» бір әдебиеттің шегінен асып, әлемдік туындылардың қатарына сәтті енген еді.
Инсценировка, қойылымы және кеңістігі - Тимур Кулов
Композитор Батырхан Сабыр
Рөлдерде:
Көкжал бөрі - Жақып Мадияр
Аңшы Хасен - Сабыр Батырхан
Құрмаш, қасқыр - Камен Жеке-Батыр
Құрмаштың әкесі, қасқыр - Алдангоров Дархан
Ақ құртқа - Елена Василевская
Қасқыр тобындағы құртқа - Жанна Хомец
Кәрі көшбасшы, қасқыр тобындағы жас қасқыр - Еріков Әлібек
Қара ала төбет, топтағы қасқыр - Елубай Мирас
Музыкант - Нуриманов Ерсайын
Театр бас режиссері - «Мәдениет саласының үздігі» Ольга Луцива
Театр директоры - «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» Бейбіт Бахтыгереев