Scorpions в Алматы

«Музыка және оның шығарушылары» топтамасы

2018 / 2019 Камералық зал VI маусым

9 наурыз * сенбі * 18.00

«Музыка және оның шығарушылары» топтамасы

 

Камералық музыка концерті

«Әйелдің махаббаты мен өмірі»

 

Көктем – жаңару сәті, махаббат мезгілі. Опера солистері және аспапшы музыканттардың қатысуымен өтетін «Әйелдің махаббаты мен өмірі» концертінің бағдарламасы лирикалық толғанысқа толы сезімдердің сан алуан түрін ұсынбақ.

Кеш бағдарламасында – ұлы неміс романтик-композиторы Роберт Шуманның «Әйелдің махаббаты мен өмірі» вокалдық топтамасы мен аспаптық шығармалары.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Мақпал Бекмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)

 

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Жібек Сапарғалиева (флейта)

Асқар Мұқанов (виолончель)

Әбдіахмет Оразбақов (фортепиано)

Раушан Бескемпірова (фортепиано)

 

БАҒДАРЛАМА:

РОБЕРТ ШУМАН

Дауыс пен фортепианоға арналған «Әйелдің махаббаты мен өмірі» вокалдық топтамасы, op.42 (сөзі А.Шамиссонікі)

АBEGG тақырыбындағы фортепианоға арналған вариациялар ,op.1, фа мажор

Скрипка мен фортепианоға арналған №1 соната, ля минор, I, II-ші бөлімдер

Виолончель мен фортепианоға арналған Адажио және Аллегро, оp.70, ля-бемоль мажор

Фантастикалық пьесалар (№2), оp.111

«Грезы»

«Мирты» топтамасынан үш ән, оp.25

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады