Scorpions в Алматы

Lumen Алматы қаласында

Lumen топтың 25-жылдығына арналған турын жалғастыруда.

Екінші бөлімі акустикалық болып келеді. 

Lumen тобы Ресейдің ең маңызды альтернативті ұжымы болған да, болып келеді де, олардың әндеріне «ретро» термині сай келмейді. Сондықтан да топтың мерейтойы - жай ғана мейрам емес, тыңдармандармен кездесу және көпжылдық қолдауға рахмет айтудың маңызды себебі. Көктем айларында «электр» бағдарламасымен жүргізілген тур орын алған, ал енді оның жалғасы ретінде акустикалық бағдарлама орындалмақ. 

Акустика - Lumen үшін бөлек дүние. Ол топтың әлдеқайда лирикалық, философиялық тұстарын ашады. Ешбір жағдайда бұл жеңілдетілу немесе топ әндерін гитаралық сарында түрленіру емес, бұл - әрбір нотасына дейін аса зейінмен ойластырылған unplugged-бағдарлама. Құдды бір дәстүр бойынша: топтың 20-жылдық мерейтойы да екі бөлікке бөлінген еді. Оған қоса екі релиздері де бар - «Акустика» және «ХХ жыл. Екінші акт» концерттік видеоальбомдері. 

Мерейтойлық unplugged-бағдарламаның туры тәмамдалуға жақындап, қорытындылаушы концерттер Қазақстанда өткізілмек!