LowkzMeet Қонаев қаласында

Осынау бірегей іс-шарада біз ерекше автокөліктерді бір алаңда жинап, мыңдаған әуесқойларды Қонаев қаласының Қапшағай жағалауындағы жаңа кеңістігінде бас қостыратын боламыз. 

- Жайлы Алматы-Қапшағай тас жолы
- Мыңдаған автокөліктерге арналған тұрақ орындары
- Таза ауа
- Дәмді тағам және сусындар
- Жарқын және шулы автомобильдер
- Эшкн аймақта дрифт және шоу бағдарлама

Аумақта мыңдаған қонақтың жайлы демалуын қамтамасыз ететін барлық қажетті инфрақұрылым жасалған.

Өтінімдерді жинау арқылы 500-ден астам эксклюзивті, спорттық және жарқын темір тұлпарлар іріктеліп алынады, олар тақырыптық аймақтар бойынша бөлінеді.

Көрермендер кәсіпқой және әуесқой дрифт шеберлерінің мәнерлі орындауынан ләззат алары анық.

Іс-шараны ерекше әсерлі әрі қызықты ету үшін әр аймақтарға таңғажайып интерактивтер дайындалды. Жаппай бернаут, kiss the wall, жұптық дрифт және т.б.