«Жібек жолы» троллейлік саябағы (7 жол)
Азия бойынша ең ірі және әлемде көлемі бойынша үшінші орынды иеленген «Жібек жолы» троллейлік саябағы.
7 жолдың жалпы ұзындығы 2903 м Ұлы Жібек жолының Қытайдан Еуропаға дейінгі мекендеген орнын білдіреді. Бұл бірегей аттракциион барлық экстрим мен үлкен жылдамдықты жақсы көретіндерге және жай ғана ержүрек жандарға ұнайтыны анық, олар жалпы ұзындығы 560 м тартылған арқанмен арнайы роликтер арқылы шапшаң түсуге шешім қабылдайтын болады.
Сіз шатқалдың дәл үстінен ғасырлық шыршалар арасымен 126 м биіктікте 100км/сағ дейін қарқындықпен ұшып өтесіз - бұл тек Тянь-Шань шыңдарының арасында ғана мүмкін. Ой-Қарағай шатқалының екі жағымен созылып жатқан және әр түрлі биіктік деңгейлерінде орналасқан барлық жолды өту үшін шамасы үш сағаттай кетеді. Уақыт мерзімі физикалық дайындықтың деңгейіне байланысты көбеюі мүмкін.
Бұл саяхат тек қана қызықты, әрі еліктіргіш болып қана қоймай, сонымен қатар ақпараттық болады: маршруттар арасында тынығып алуға болатын арнайы жаппаларда тәжірибелі гид Жібек жолының қызықты деректері туралы, сонымен қатар сол аймақтағы флора мен фаунаның ерекшеліктері жайлы айтып береді.
Шектеулер: салмақтары 130 кг астам адамдарға троллейден өтуге болмайды. Жас шектеулері 18+.
Турлар өткізілу уақыты:
- 10.00 ден 13.00 дейін;
- 14.00 ден 17.00 дейін;
- 18.00 ден 21.00 дейін
7 жолды өту құны 32 000 теңге. Сонымен қатар Ой-Қарағай трассасына жеке билет сатып алу мүмкіндігі бар - 10 000 теңге.
«Ой Қарағай» супер-троллейі
- Ұзындығы 560 м
- Биіктігі 120 м,
- Ең жоғары жылдамдығы 100 км/сағ дейін.
Билеттерді сатып алғаннан кейін турды брондау қажет: +7 701 929 4144