rebranding

Алматыдағы Аладдин мұз шоуы

Өтетін орны: Алматы қ., Алматы Арена

Күні: 6 қаңтар 2024 ж

Басталуы: 11:00, 14: 30

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 4 жасқа дейінгі балалар тегін! Орын берілмейді! (4 жасқа дейінгі бір бала бір ересек адамның сүйемелдеуімен, ересек билет болған кезде.)

Қосымша: 

 

 

 

 

 

Қаңтардың алтысында! Тек қана бір күн!

Қазақстандық «Аладдин» мұз шоуына келіп, балаларыңызбен бірге естен кетпес ғажайып кештің куәсі болыңыздар!

Таңғажайып ертегі мен мұз айдынының сиқырлы күшімен Аладдин мен достарының қызықты әлеміне бойлаңыздар. Парсы кілемі арена күмбезі астында қалықтап, сиқырлы шам кереметімен тамсандырады.  Қазақстанның мәнерлеп сырғанау майталмандары мұз үстінде шығыстың жалынды билерін орындаса, ең үздік фигуристер шоғыры көз арбаған сәулелі жарықтың,  әсерлі музыканың сүйемелдеуімен өз шеберліктерін паш етеді. Кең өлшемді ертегі декорациялары алуан түрлі әсерлер мен көңіл-күй сыйлайды.

Өте сирек келетін мүмкіндіктен құр қалмаңыздар! (Жылына бір келетін мүмкіндіктен құр қалмаңыздар)

6-қаңтар күні балаларыңызбен бірге «Алматы арена» мұз сарайына келіңіздер. Біз сіздерге ертегі сыйлаймыз!