Қыз Жібек
Евгений Брусиловский
«Қыз Жібек»
Эпилогы бар 2 бөлімді опера
Қазақ тілінде орындалады
(орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)
Либретто авторы – Ғабит Мүсірепов
Қазақтың алғашқы «Қыз Жібек» операсы 1934 жылы Қазақ музыкалық театрының сахнасында (қазіргі Абай атындағы МАОБТ) қойылып, бірден ұлттық музыкалық өнердің інжу-маржанына айналды. Танымал дирижер Абзал Мұхитдин және режиссер Михаил Панджавидзе ұлттық классиканың жаңа қырын ұсынуда. 3D-технологияны пайдаланудың арқасында «Қыз Жібек» ұлттық лиро-эпостық поэмасының кезеңдері көрерменнің көз алдында жандана түседі: проекцияда көрсетілген керуеннің қозғалысы кенеттен сахнадан жалғасын тауып, тірі жылқылар мен түйелердің қатысуымен жүріп өтеді. Суретшілердің шынайы көлемде жасаған қала дуалдары бір сәтте қозғалып, Базарбай Сарайының жанындағы алаң тіршілігіне жол ашылады. Көздің жауын алар киімдер, бейне инсталляция, жарық бойынша суретшінің қызықты жұмысы, ең бастысы – бала күнімізден бәрімізге де таныс музыка, солистердің керемет дауыстары және оркестрдің үндескен дыбысталуы «Қыз Жібек» операсын ұмытылмас ерекше етері сөзсіз.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Жібек – Назым САҒЫНТАЙ / Жаннат БАҚТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Төлеген – Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Талғат АЛЛАБИРИНОВ
Бекежан – Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты /
Талғат ҒАЛЕЕВ
Шеге – Мерей ҚАДЫРХАНОВ / Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ
Базарбай – Болат ЕСІМХАНОВ / Валерий СЕЛИВАНОВ
Қамқа – Гүлжанат САПАҚОВА
Қарлығаш – Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Мәдина ИСЛАМОВА
Батсайы – Салтанат МҰРАТБЕКОВА / Татьяна ВИЦИНСКАЯ
Дүрия – Ұлпан ӘУБӘКІРОВА / Елена ГАНЖА
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ,
БАЛЕТІ, МИМАНСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Жаңа музыкалық редакция авторы, қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дирижер – Руслан Баймурзин
Қоюшы режиссер – Михаил Панджавидзе
Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы балетмейстер – Мукарам Авахри, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Проекциялар бойынша суретші – Павел Суворов
Жарық бойынша суретші – Сергей Шевченко
Консультант – Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова
Режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов
Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.