Қыз мұңы
Автор: И. Сапарбай
Қоюшы-режиссер: Т. Аралбай, ҚР еңбек сіңірген артисі
Қоюшы-суретші: М. Сапаров
Режиссердің көмекшісі: Г. Сейтімбет
Премьера: 26.11.2011 ж.
Жанр: лирикалық драма
Ұзақтығы: 2 сағ.
Жас санаты: 14+
Спектакль арқауы – бүгінгі күн. Алматының Арбатында сурет салып отырған Ғазизге өз құрбылары арасынан даралана көрінген Сағыныштың ұнап қалуында әлдебір сыр бар. Ол Сағынышты әлдекімге ұқсатады. Ызғарлы Желтоқсан оқиғасы кезінде бастарынан қиындық-қорлықты бірге өткерген аруға ұқсайтындай ма, қалай?!. Сағынышты іздеу жолында суретші кешегі «бұйрықты орындаушы» лейтенант, «бұйрықты орындап жүріп» бүгінгі таңда шені өскен Генералдың алдынан бірақ шығады... Сырлы да мұңды әуендермен көмкерілген спектакльде Ғазиз бен Сағыныштың адами болмыс, мөлдір сезімдерінен сыр шертеді.
- Қойылымның көркемдік жетекшісі: Е. Обаев, Қазақстанның халық артисі
- Композитор: Е. Елгезеков
- Балетмейстер: Г. Мұхамеджанова