rebranding

ALLYOUR тобының квартирнигі

6 сәуір - 19:30 - «AllYouR» тобының квартирнигі La Bohême театрында - «TRIBUTE Greatest Rock HITS». Бұл дегеніміз, келушілердің барлығы әлемдік рок хиттерінің жойқын күші мен мықтылығын сезіне алады деген сөз. 

Танымал алматылық топ музыканттарының жанды орындаулары тыңдармандардың жүректерін баурап, жанға жақын шумақтарды бірлесе әндетуге еш шүбәсіз тартады. Өнерпаздардың орындауында Eurythmics тобының «Sweet dreams» әні, Red Hot Chili Peppers тобының «Californication» әні, AC/DC - «TNT», Nirvana - «Smells like teen spirit», Blur - «Song 2», Deep Purple - «Smoke on the water» және т.б. сияқты рок жанрының жауһарлары болғанда, бұл күшке төтеп беру мүмкін емес. 

«AllYouR» тобының орындауындағы батыстық роктың алтын хиттерінің кешінде бізбен бірге көңіл көтеріңіздер!