Қызыл Телпек
Қызыл Телпек - жігерлі, мұқият және өте мейірімді қыз. Бәріміз білетіндей, әрбір жақсы істің өз қарымтасы болады, егер жақсылық жасасаң, ол саған мың есе болып қайтады. Дәл осылай Қызыл Телпектің жақсылығы да оған көптеген адал достар сыйлайды. Бірақ оқиғада бір-бірімен ымыраға келе алмай жүрген Қасқыр мен Қу Түлкі де бар! Қиын сәтте қыздың берік қаруы ретінде оның тапқырлығы мен ақылдығы да көмекке келеді.
Біздің кейіпкеріміз қиыншылықтан қорықпайды, себебі ол бәріне дайын: орманда серуендеу қызықты, бірақ қауіпті іс екенін біледі, сондықтан бәліштерден басқа, өзімен бірге кез келген сәтте қажет болуы мүмкін бұрыш пен сіріңке алып жүреді. Қиындықтар мен келеңсіздіктерді қалай жеңуге болады? Ұрпақтан ұрпаққа сүйікті болып қалған кейіпкер өз құпиясын ашпақ: ең бастысы қамқорлық, мейірімділік және шынайы достықтың болғаны!