Scorpions в Алматы
105 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Жастар театры

Көзімнің қарасы

Билет сатып алу

Ақын Абай... Ару Тоғжан... Бір-бірін шын ұнатқан қос ғашықтың сезімге толы сырлы да сұлу күйі баяндалатын айтулы драма көрерменіне кемеңгерлігін күллі адамзат мойындаған дана тұлғаның адами дара болмысын паш етеді.

«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» деп жырлаған ұлы ақын өлеңі «Көзімнің қарасы» қойылымының басты лейтмотивіне айналғандай. Сұлу сезім, әуезді ән, көркем көріністі өн бойына сәтті тоғыстырған лирикалық драма басты Кейіпкерлер мен орындаушылар: мен бірге көрерменін де махаббат әлемінің сөзбен суреттеп жеткізгісіз тамаша шақтарына саяхат шектіреді. Дана тұлғаның өлең мен өнер тудырудағы жан жүрегін селт еткізген сезімдеріне бойлатады.

Қазақтың бас ақыны – Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Жастар театры сахнасында қойылғалы отырған айтулы қойылымның өнерсүйер, өлеңсүйер көрерменін сырлы сезім ғана емес, парасат биігіне де бойлатары сөзсіз.   

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Абай (бозбала шағы) – Шыңғыс ЖАҚЫПБАЙ

Тоғжан (жас бойжеткен) – Ләззат  ҚУАНЫШЕВА

Күмісай (Тоғжанның жеңгесі) – Назерке СЕРІКБОЛОВА

Әділбек (Сүйіндіктің кіші ұлы) – Нұрбек  АЛИБЕК

Ауыл жастары:

Бағлан – Асылбек  ӘЙТЕШ

Мейірғат АМАНГЕЛДИН

Қойбек – Айсұлтан  ЖӘЛИЕВ

Шоңбай (Дүлей) – Асланбек  ЖАНҰЗАҚОВ

Керімбала – Шехназа  ҚЫЗЫХАНОВА

Раушан – Айбибі ІСКЕНДИРОВА

Балғын – Нұрбек  ӘДІЛБЕК

Ербол - Тоғжанның бөлесі, Абайдың досы – Ербол  ТЛЕУКЕНОВ

Қиясбек – Әбутәліп ӘМІРЕ

Абайдың атқосшысы және басқа ауылдың қыз-жігіттері