Етік киген Мысық
Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында тұңғыш рет сахналанған шытырман сюжетке ие әлемге әйгілі «Етік киген мысық» ертегісінде диірменші әкеден қалған мұраға көңілі толмаған еріншек әрі енжар кенже ұлдың ақылды да айлакер мысықтың арқасында қарапайым диірменші баласынан беделі биік маркизге айналуы жолындағы таңғаларлық оқиға баяндалады.
Алғыр мысық қожайынын маңғаз мырзаға айналдырып қана қоймай, Патшаның алдында сый-құрметке ие етіп, айдай сұлу Ханшайымға үйлендіріп, тіпті, Кісіжегіш сиқыршыны айламен жеңіп, зәулім сарайға жеткізеді.
Еліктірер сюжет пен тартымды атмосфераға ие қойылым сан қырлы кейіпкерлерімен көз тартып, көңілді ойындар, тебірентерлік әндерімен баурап көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлайды.
Рөлдерде:
Етік киген Мысық – Алияр Нұрәділ
Патша – Бақытжан Қаюов
Ханшайым – Гүлназ Әбсаттар
Маркиз де Карабас – Өркен Жұма
Кісіжегіш – Мейрхан Батырханов
Қызметші – Ұлбосын Момынжанова
Аспазшы – Толқын Тлеулиева