«Етік киген мысық»

2022/2023                  Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал                Х маусым

1 маусым * бейсенбі * 15.00

 

ПРЕМЬЕРА

 

Цезарь Кюи

«Етік киген мысық»

Ертегі-опера

Либретто авторы – Шарль Перроның ертегісі желісімен Марина Поль

 

Ұзақтығы – 50 минут

Жас шектеуі 5+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

ЕРТЕГІ-ОПЕРА ТУРАЛЫ:

«Етік киген мысық» – әйгілі француз жазушысы әрі ақыны Шарль Перроның ертегісі. Ол 1697 жылы 320 жыл бұрын жарияланған, оның «Сказки матушки Гусыни» атты танымал жинағына енген!

 

Бірде диірменшінің ұлдарының біріне мардымсыз мұра: мысық пен бірнеше бақыр ақша (тиын) қалғаны туралы хикаяны барлығы білетін болар. Мысық өте ақылды әрі адал дос болып шығады, ол жай ғана өзіне етік сатып алуды өтінеді, расында – бозбаланың соңғы ақшасына. Кейін мысық асқан ептілік танытады, оңай-ақ жолын тауып, қожайынын маркиз етеді және патша қызына үйлендіреді.

Опералық спектакль жанрындағы «Етік киген мысық» ертегісінің ғажайып әуендерге толы музыкасын орыс композиторы Цезарь Кюи жазған. Аталмыш операның шыққанына аз уақыт өткен жоқ – жүз жылдан асты, ол 1912 жылы жазылған. Театр сахнасында Ресейде емес, Италияның Рим қаласындағы «Кішкентайларға арналған театрда» (қуыршақ театры) 1913 жылы алғаш рет қойылды. Опералық «Етік киген мысық» көпшілікке қуыршақ спектаклі ретінде ұсынылып, зор табысқа кенелді, қатарынан 50-ден астам аншлагпен өтті.

Ал 2013 жылы «Етік киген мысық» ертегісінің Женева операсы сахнасындағы премьерасы алғашқы қойылымның жүз жылдығына орайластырылды.

 

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП:

Жаңа музыкалық редакция авторы – Әлихан Идрисов

Қоюшы дирижер – Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссер – Еренбақ Тойкенов

Сценограф – Малика Төлегенова

Костюмдер бойынша суретші – Дариға Тайшықова

Проекциялар бойынша суретші – Азамат Құттығожин

Жарық бойынша суретші – Сергей Кулак

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

Жауапты концертмейстерлер – Елена Сахно, Жанар Ахметова, Ирина Кургузкина, Зәру Жазықбаева, Жаңыл Рахимбекова, Айшабибі Асқарова, Гульшан Конушева, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі

Опера труппасының директоры – Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре

Жоба жетекшісі – Маржан Жәкенова

 

БАС КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

Мысық – Рамзат БАЛАКИШИЕВ / Артур ҒАБДИЕВ / Нұрқанат ТӘПИЕВ

Маркиз – Әлихан ЗЕЙНОЛЛА / Рамзат БАЛАКИШИЕВТалғат АЛЛАБИРИНОВ

Патша – Валерий СЕЛИВАНОВ / Шыңғыс РАСЫЛХАН

Кісі жеуші – Валерий СЕЛИВАНОВ / Шыңғыс РАСЫЛХАНЖандарбек ЕРКІНБАЕВ

Ханшайым – Жамиля ЖАРҚЫМБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері/ Елена ГАНЖА / Ұлпан ӘУБӘКІРОВА / Назым САҒЫНТАЙ

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.