Өздігінен жүретін мысық (КАТМК)
Өздігінен жүретін мысық - жазушы Киплингтің бүкіл әлемге әйгілі туындысы. Бұл шығармада алғашқы адамдардың өздеріне пайдалы жануарларды қолға үйреткені туралы баяндалады. Тек бір ғана тіршілік иесі өзінің бостандығын сақтап, үңгірге кірудің жолын тапқан екен. Бұл ерекше жануар өздігінен жүретін мысық болса да, ол үшін жылы сүт, ошақ маңындағы жайлы орын әрдайым дайын тұрады. Бірақ мысықпен тіл табыса алмаған кім бар екен және неліктен? Бұл сұрақтың жауабын ертегіден білетін боласыздар. Ертегі жауапкершілікке шақырады, бөгделердің ойын құрмететуді және де қалаған дүниеге қол жеткізу үшін өз бостандығыңнан айырылудың міндетті емес екендігін үйретеді.
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!