rebranding

Симфониялық музыка концерті BACH.CHOPIN

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
 
Күні: 23 сәуір, 2024
 
Уақыты: 19:00
 
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
 
Жас шектеуі: 10+
 
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
 
 
 
 
 
 

Симфониялық музыка концерті

BACH.CHOPIN

 

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

«BACH.CHOPIN» концерті – бұл «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблінің қатысуымен Қазақстанның Халық әртістері Жания Әубәкірова мен Гаухар Мырзабекованың музыкалық-танымдық жобасының бірінші концерті.

Жоба тыңдармандардың кең ауқымын, соның ішінде жастардың жаңа буынын жоғары сапалы музыкалық контентке тартуға бағытталған. Ол іс жүзінде Қазақстанның барлық өңірін қамтитын болады.

Ж.Әубәкірова мен Г.Мырзабекова ондаған жылдар бойы Қазақстандағы фортепиано және скрипка мектептерінің стандарттары мен сапасын, симфониялық және камералық орындаушылық мәдениетін белсенді түрде қалыптастырып келеді.

Олардың шығармашылығы мен ынтымақтастығының негізгі бағыты – қазақстандық музыка өнерін кеңінен тарату және одан әрі дамыту, оның үздік үлгілерін халықаралық аренада насихаттау.

БАҒДАРЛАМА:

П.И.Чайковский. Ішекті аспаптар оркестріне арналған серенада, до мажор, оp.48

И.С.Бах. Фортепиано мен камералық оркестрге арналған №5 концерт, фа минор

Густав Холст. Әулие Павелдің сюитасы (St.Paul's Suite)

Ф.Шопен. Фортепиано мен ішекті аспаптар оркестріне арналған №2 концерт, ор.21 (фортепиано мен камералық оркестрге арналған өңдеу).

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Жания ӘУБӘКІРОВА, Қазақстанның Халық әртісі (фортепиано)

«Қазақстан Камератасы» мемлекеттiк классикалық музыка ансамблі

Көркемдік жетекшісі – Гаухар МЫРЗАБЕКОВА, Қазақстанның Халық әртісі

Арнайы қонақ: Павел РОМАНЕНКО (дирижер, Мәскеу)

 

Жобанаң бас серіктесі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Жобаға «Классика» музыка агенттігі» МеМ-нің ұйымдастырушылық атсалысуымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.