rebranding

Симфониялық оркестр концерті

И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы симфониялық оркестрінің концерті бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахымжановтың басшылығымен көрермендерге тағы да классикалық музыка концертін ұсынады. Бағдарламада ұлы классиктердің И.С.Бахтың, В.Моцарттың, Дж.Россинидің аты өшпес шығармалары орындалады.

Классикалық музыка кешінің қонақтары «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының дирижері, Н.Тілендиев атындағы ІІІ Республикалық «Өз елім» фестивалінің Гран-при және Кубок иегері Руслан Баймырзин болады КСРО халық әртісі Мұқан Төлебаев атындағы «Алтын таяқша» V Халықаралық дирижерлер байқауының жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері; Дамиля Махпирова - «Астана Опера» театрының симфониялық оркестріндегі гобойлар тобының концертмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Ахмет Сұлтанов - «Астана Опера» симфониялық оркестрінің әртісі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреті, «ішекті квартет» номинациясы бойынша камералық ансамбльдер арасындағы халықаралық байқаудың Грант иегері; Әнел Шәкірова - «Астана Опера» театрының бірінші скрипка концертмейстері, ҚазҰӨУ скрипка кафедрасының оқытушысы, халықаралық байқаулардың лауреаты