rebranding

Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың «Сәлем саған, Астана!» атты концерті

Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың «Сәлем саған, Астана!» атты концерті

Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың «Сәлем саған, Астана!» атты концертіЕлорданың 20 жылдығына орай 2018 жылғы 7 маусымда «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразбаевтың «Сәлем саған, Астана!» концерті өтеді. Күміс көмей әншінің 70 жылдық мерейтойы шеңберінде  өтетін концерт қазақ өнерінің көркемдігін, рухани болмысы мен асқақтығын танытады.

А.Қоразбайұлы қазақ әндерінің алтын қорын құнды туындылармен байытып, сонымен қатар тарихымызға орасан зор әрі баға жетпес үлес қосты. Әнші-композитор жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, небір дүлдүл дарындар мен дарабоз саңлақтардың шеберлігін шыңдады. Көмейінен бал тамған орындаушы ән айтқанда тыңдармандарды әннің тұңғиығына жетелейді. Жүрекке жеткізеді.

Оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтетін «Сәлем саған, Астана!» концертінде қазақ эстрадасының белгілі әншілері – Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмидинова, «Музарт» тобы, Тоқтар мен Бейбіт, Жұбаныш Жексенұлы, Саят Медеуов, Қыдырәлі мен Қарақат, Гүлнұр Оразымбетова, Мадина Садуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Алма Аманжолова,сая махамбетова «Меломен» тобы, Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин,  өнер көрсетпек.

Шығармашылық кеште өнер сүйер қауым халқымыздың ең үздік туындылармен қайта қауышып, ондағы ой биіктігі мен сезім нәзіктігін терең сезінері сөзсіз.